$ 494.87  520.65  4.91

Мұзда таймайтын табан ойлап шығарылды

Идея авторлары мұндай пластинаны аяқ киімде пайдалану құлау қаупін айтарлықтай төмендетеді, деп санайды
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

MIT инженерлерінің қатысуымен жасалған материал жылан қабыршағы түріндегі өрнектермен жұқа және икемді болат пластина сияқты көрінеді. Материалдың басты құпиясы – жапон өнерінің принциптері бойынша жиналған ондаған қабыршақ, деп хабарлайды Bag.kz MIT News-ке сілтеме жасап.

"Мұндай материалдан жасалған аяқ киімнің табаны жүріп-тұрғанда тегіс күйінде қалады, бірақ, майысқан кезде мысалы, салмақ өкшеден аяқтың басына ауысқанда - барлық қабыршақ тік тұрып, жерге қадалады", - дейді өнертабыс авторлары.

 Тағы оқи отырыңыз: Керек дерек: шаңғы, шана және конькиді ең алғаш қазақтар ойлап тапқан 

Сондай-ақ, инженерлер мұндай табанның әлдеқайда жеңіл екенін, аяққа таюдан сақтану үшін киілетін арнайы шиптерден тиімдірек екенін айтады. Идея авторлары мұндай пластинаны аяқ киімде пайдалану құлау қаупін айтарлықтай төмендетеді деп санайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#аяқ киім