Джордж Флойдты мойынын тізесімен басып қинаған Миннеаполистің бұрынғы полиция қызметкері Дерек Шовинге бұдан да ауыр айып тағылды. Прокуратура сондай-ақ тағы үш полиция қызметкеріне айып тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат, bbc сайтына сілтеме жасап.
Жарияланған сот құжаттарына сәйкес, Шовинге екінші дәрежедегі кісі өлтіру әрекеті бойынша тағы жаңа айыптар тағылған. Ұстау кезінде болған тағы үш полиция қызметкеріне адам өлтіруге көмектесу және оған арандату бойынша айып тағылды. Әуелде Шовинге үшінші дәрежедегі, яғни байқаусызда кісі өлтіру әрекеті бойынша айып тағылған еді.
Екінші дәрежедегі кісі өлтіру Америка заңнамаларында өзгелермен келісілмеген, бірақ қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиянын тигізу, адам өміріне деген немқұрайдылық әрекеті болып есептеледі.
Ал Флойдтың өліміне қатысты өзгелер полицейлерге алдымен айып тағылмаған болатын. Олар тек жұмыстан шығарылған еді. Бірақ Флойдтың жақындары оларды да жауапқа тартуды талап етті. Енді Флойдтың ісі бойынша 4 адамға айып тағылып отыр. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, штаттың Бас прокуроры үш полицейді тұтқындауға ордер берген.
Тағы оқи отырыңыз: Дональд Трамп жерасты бункеріне тығылуға мәжбүр болды
АҚШ-та қанды қақтығыстың өтіп жатқанына бүгін тура бір апта болды (ВИДЕО)
АҚШ-та ереуілшілер атқан оқтан 4 полиция жараланып қалды
Шовин өткен аптаның соңында тұтқындалды. Миннесота штатының бас прокуроры Кит Эллисон Fox News телеарнасына берген сұхбатында 4 полицейге де ең жоғары жаза тағайындалуы мүмкін екендігін мәлімдеді.
Егер олар барлық баптар бойынша айыпты деп танылса, ұзақ мерзімге сотталады және ірі көлемде айыппұл төлейді. Екінші дәрежедегі адам өлтіру үшін 40 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Полицейлерді қамаудан босату үшін төленетін кепіл сомасы – бір миллион доллар.