Америка Құрама Штаттарындағы толқулар кезінде Сент-Луис полициясының 4 қызметкерін атып кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz, New York Post-қа сілтеме жасап.
Сент-Луис метрополитен полициясының хабарлауынша, сейсенбі күні 4 офицерге оқ жаудырылып, полицейлер ауруханаға жеткізілген. Полиция департаменті «Қала орталығында офицерлерге әлі де оқ атылуда және оқиға туралы толық ақпараттарды бөлісіп отыратын боламыз» деп жазды Twitter парақшасында, түнгі сағат 2 мөлшерінде.
Айта кетейік, Джордж Флойд есімді қара нәсілді жігіттің полиция қолынан қаза табуына байланысты, АҚШ-та бейбіт шерудің соңы тонау мен зорлық-зомбылыққа ұласып жатыр.