Әлем 05.06.2020 сағат 23:10

Алтынмен апталған қонақ үй ашылды

Қонақүйдің құрылысына он жыл уақыт жұмсалыпты.
Алтынмен апталған қонақ үй ашылды
Фото: қонақ үйдің Facebook парақшасынан
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Вьетнамда 24 карат алтынмен безендірілген алғашқы бес жұлдызды қонақ үй ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Ханойдың орталығында орналасқан 25 қабатты Dolce Hanoi Golden Lake қонақүйі ғимаратының бес мың шаршы метрге жуық қасбеті алтын жалатылған материалдармен жабылған. Қонақүйдің құрылысына он жыл уақыт жұмсалыпты.

Ғимараттағы 342 бөлме империялық стильде безендірілген – жиһаздар мен әшекейлерге алтын жалатылған. Мейрамхана, бар және панорамалық бассейн өңделген алтынмен безендірілген. Қонақүй бөлмесінің бағасы тәулігіне 250 доллардан басталады екен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар