06.06.2020, 07:21

70 жастағы қария тастан үй тұрғызды

Фото: 24.kz
Тіпті қасбеті де осы бір табиғи материалмен көмкерілген.

Солтүстік Осетияда 70 жастағы қария экологиялық таза материалдан үй тұрғызды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, екі қабаттан тұратын баспана түгел тастан қаланыпты. Тіпті қасбеті де осы бір табиғи материалмен көмкерілген. Үй ішіндегі жиһаздар да зейнеткердің қолынан шыққан. Орындықтар ағаш пен қамыстан жасалыпты.

Орындықтар ағаш пен қамыстан жасалыпты. Жалпы үй иесі Павел Гацоевтың айтуынша, қажетті құрылыс заттарына қаржы болмағандықтан, осы маңда толып жатқан тау тастарын пайдалануды жөн көрген.

Тегтер: үй Қария тас