АҚШ-та қараша айында президенттік сайлау өтеді. АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті, 77 жастағы Джо Байден Демократиялық партия атынан сайлауға қатысу үшін ресми түрде тіркелді, деп жазады Bairaq.kz.
Ол осымен үшінші рет өзінің кандидатурасын ұсынып отыр. Сарапшылардың пікірінше, Байденнің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыты коронавируспен күресуге бағытталмақ. Сондай-ақ, ол расизм мәселесі шешуге де ұмтылады.
Праймериз қорытындысы бойынша Байден өз партиясының 1990 дауысын жинап, ресми кандидат атанды. Джо Байден Барак Обаманың кезінде елдің вице-президенті қызметін атқарған.
Дональд Трамп өзінің қарсыластарымен белдесетін уақытты ыждағатсыз күтетінін айтып, Байденді «Ұйқыдағы Джо» деп атады.