Бұған дейін Атыраудан Мака деген лақап есіммен белгілі Марғұлан атты жігіттің иттің басын тоңазытқышқа қысып, үстінен аяғымен басып қинағаны мәлім.
Кейін ол заң жолымен жауапкершілікке тартылып, «иттің туған қызын қауып ала жаздағанын, бау-бақшасын таптап кеткенін, сол үшін жазаламақ болғанын» айтып, кешірім сұраған еді.
Енді сол қорлық көрген ит мұхит асып, шетелге кетпек. АҚШ-тың Калифорния штатында тұратын ерлі-зайыптылар оны асырап алу үшін тиісті құжаттарын рәсімдеп жатыр.
Қазір шетелдік жұп елдің батыс аймағы бойынша хабарландыру беріп, онымен «бірге ұшатын серік», басқаша айтқанда, ұрғашы ит іздестіруде. Америкалықтар «Біз бұл балақайды жаңа өмірге әкелеміз» деп уәде беріп отыр.