Мәскеудің оңтүстік-батысында белгісіз біреу үйінің терезесін ашып, оқ жаудырды. Оқиға кеше түнгі сағат 22:00 шамасында болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ТАСС дерегіне сілтеме жасап.
Осы оқиғаның салдарынан екі адам жарақаттанған. Бұл жағдай Мәскеудің Құрылысшылар көшесінде болған. Бір азамат белгісіз қарудан оқ жаудырып бастаған. Оқиға орнынан ІІМ және Росгвардия қызметкерлері келген.
Атыс кезінде сол үйдің жанынан өтіп бара жатқан екі адам жараланды. Оқиғаға қатысты тергеу комитетінің мәліметінше, жараланғандардың қатарында арнайы жасақ қызметкері де бар. Бұзақы ұсталу кезінде Ішкі істер министрлігінің өкілдеріне қарсылық көрсеткен. Ол жараланып, ауруханаға жеткізілген.
Ал куәгерлердің айтуынша, атыс кем дегенде 20 минутқа созылған. Қаскөй полицейлер пәтерді қоршауға алғаннан кейін ұсталған.
Қазіргі таңда Тергеу комитеті Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша іс қозғады.