10.06.2020, 10:20

Шахтадағы жарылыстан 80-нен астам адам қаза болды

фото: baq.kz
Үш тоннелде жарылыс болған.

Ауганстанда шахтада жарылыс болып, апат салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, 1 TV телеарнасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілерге бұл жайлы Саманган провинциясы кеңесінің мүшесі Мохаммад Хашем Сарвари мәлімдеген. 

Оның айтуынша, "шахтаның үш тоннелінде жарылыс болып, салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты". Сондай-ақ әзірге апаттан көз жұмғандардың нақты саны белгісіз.

TOLOnews телеарнасы хабарлауынша, оқиға Дара-э-Суф ауданында болған. Шахтаның құлауына көмір шахтасына іргелес орналасқан ауылдардан естілген жарылыс себеп болуы мүмкін.

 

Тегтер: жарылыс шахта