Әлем 10.06.2020 сағат 13:00

Иранда генералдың өліміне қатысты айыпталғандарға өлім жазасы тағайындалды

Тегеран АҚШ-тың Ирактағы екі әскери базасына баллистикалық зымыранмен соққы берген.
Иранда генералдың өліміне қатысты айыпталғандарға өлім жазасы тағайындалды
фото: azattyq.org
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Иранда генерал Касем Сулейманиді өлтіруге қатысы бар деп айыпталғандар өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Abai.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметі бойынша, сотталғандар америка және израиль арнайы қызметіне генерал жайлы мәлімет беріп тұрған.

Жыл басында Ирандағы Ислам революциясының сақшылар корпусының жоғарғы командирлерінің бірі, "Кудс" таңдаулы әскери бөлімінің жетекшісі Касем Сулеймани Бағдад әуежайының жанында әуе соққысынан қаза болған. Онда командир түскен көлікке дронмен соққы бергені айтылған.

Тегеран Вашингтоннан өш алатынын айтып, АҚШ-тың Ирактағы екі әскери базасына баллистикалық зымыранмен соққы берген.

Жанжал кезінде 8 қаңтарда Тегераннан Киевке ұшқан жолаушы ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін жарылған болатын. Ұшақтағы 176 адам мерт болған. Иран оқиғадан төрт күн өткен соң, ұшақты қателесіп атқылағанын мойындаған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар