Ауганстанда шахтада жарылыс болып, апат салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, 1 TV телеарнасына сілтеме жасап.
Баспасөз қызметіндегілерге бұл жайлы Саманган провинциясы кеңесінің мүшесі Мохаммад Хашем Сарвари мәлімдеген.
Оның айтуынша, "шахтаның үш тоннелінде жарылыс болып, салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты". Сондай-ақ әзірге апаттан көз жұмғандардың нақты саны белгісіз.
TOLOnews телеарнасы хабарлауынша, оқиға Дара-э-Суф ауданында болған. Шахтаның құлауына көмір шахтасына іргелес орналасқан ауылдардан естілген жарылыс себеп болуы мүмкін.