Иранда генерал Касем Сулейманиді өлтіруге қатысы бар деп айыпталғандар өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Abai.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметі бойынша, сотталғандар америка және израиль арнайы қызметіне генерал жайлы мәлімет беріп тұрған.
Жыл басында Ирандағы Ислам революциясының сақшылар корпусының жоғарғы командирлерінің бірі, "Кудс" таңдаулы әскери бөлімінің жетекшісі Касем Сулеймани Бағдад әуежайының жанында әуе соққысынан қаза болған. Онда командир түскен көлікке дронмен соққы бергені айтылған.
Тегеран Вашингтоннан өш алатынын айтып, АҚШ-тың Ирактағы екі әскери базасына баллистикалық зымыранмен соққы берген.
Жанжал кезінде 8 қаңтарда Тегераннан Киевке ұшқан жолаушы ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін жарылған болатын. Ұшақтағы 176 адам мерт болған. Иран оқиғадан төрт күн өткен соң, ұшақты қателесіп атқылағанын мойындаған.