$ 444.22  476.38  4.82

«87 адамның жұқтырғанын хабарлады»: Бейжіңде коронавирус қайта өрши бастады

Вирустың ошағы көтерме базар болуы мүмкін.

Бейжіңде COVID-19 жұқтырған 80-нен астам адам тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy, БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

«Коронавирус жұқтырғандардың барлығы оқшауланды. Олармен байланыста болғандар анықталып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдың денсаулық сақтау органдарымен тығыз байланыста», - деп жазылған хабарламада.

Сайттың хабарлауынша, вирустың ошағы Бейжіңдегі көтерме базар болуы мүмкін.

«Қытай дәрігерлері ДДСҰ-ға 87 адамның вирус жұқтырғанын хабарлады. Олардың 41-інде ауру белгілері болса, 46-сында симптомсыз жағдай анықталған. ДДСҰ сарапшылары Қытай билігінен қосымша ақпарат сұратты», - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары