$ 443.85  474.3  4.8

UFC-дегі алғашқы қазақстандық қыз бүгін Лас-Вегаста жекпе-жекке шығады

UFC on ESPN 10 турнирінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 04:00 кезінде басталады.
фото: sportssite.ru
фото: sportssite.ru

UFC алаңында алғаш рет қазақстандық спортшы қыз өнер көрсетеді. Жекпе-жекті ертең, 14 маусымда тікелей эфирде тамашалауға болады, деп хабарлайды aikyn.kz.

Жексенбі күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC on ESPN 10 турнирі өтеді. Онда бірнеше айқас көрсетіледі. Алаңға шығатын спортшылар арасында қазақстандық спортшы Мария Агапова да бар. Оның қарсыласы – америкалық Ханна Сайферс.

UFC on ESPN 10 турнирінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 04:00 кезінде басталады.

Алдын ала болжам бойынша, Мария Агапованың жекпе-жегі таңғы 07:00 шамасында болады. Еске сала кетсек, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық Мария Агапованың ММА бойынша ең ірі промоушн – Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымымен келісімшартқа отырған болатын.

23 жастағы спортшы Мария Агапова әлемнің ең мықты лигасындағы алғашқы жекпе-жегін 13 маусымда өткізетіні хабарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары