15.06.2020, 14:20

Ел президенті коронавирустан көз жұмды

Фото: flibusta
Қазіргі таңда ел көлемінде қаралы күн жарияланып, той-томалақ өткізуге тыйым салынған.

Африка құрлығында орналасқан Бурунди елінің президенті Пьер Нкурунзиза Каруси өткен аптада коронавирус індетінен көз жұмды, - деп хабарлайды Egemen.kz сайты.

Сайттың жазуынша, алғашында президенттің жүрек дертінен қайтыс болғаны айтылған. Кейін Каменге университетінің дәрігерлері бұл ақпаратты жоққа шығарып, президенттің коронавирустан көз жұмғанын растады. Сонымен қатар, өткен айда ғана президенттің жұбайы індетті жұқтырып, емделіп шыққан көрінеді.

Қазіргі таңда ел көлемінде қаралы күн жарияланып, той-томалақ өткізуге тыйым салынды. «Пьер Нкурунзиза билік басында отырған 15 жылда елдің экономикасы құлдырап, адам құқығы ескерусіз қалған еді», - дейді әлемдік саяси сарапшылар.

Тағы бір айта кетерлігі, Пьер Нкурунзиза Карусидің мерзімі алдағы тамыз айында аяқталуы тиіс болған.