$ 442.05  474.14  4.74

Экс-президентке мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағылды

Бұрынғы президенттің кезінде полиция қызметіне дені дұрыс реформа жасалмаған.
фото: gazeta.ru
фото: gazeta.ru

Соңғы кездері экс-президент Барак Обаманың артына шам алып түсіп алған АҚШ басшысы Дональд Трамп тағы бір тосын мәлімдеме жасады. Айтуынша, Барак Обама мемлекетке сатқындық жасаған. 

Трамптың айтуынша, 2016 жылы жұрт саяси науқанның шуымен әлек болып жүргенде белгісіз біреулер оның саулауалды штаб кампаниясына тыңшылық жасаған. «Мен осыдан біраз уақыт бұрын сөз сөйлегенде, мен олардың сайлау кампаниямды тіміскілеп жүргенін айтқан болатынмын. Олар алдымен менің кампанияма тыңшылық жасап кейін тінту жүргізген. Мен бұл туралы осыған дейін де бірнеше рет айтқан болатынмын. Расымен де солай болып шықты. Бұл мемлекетке сатқындық», - деп атап өткен CBN News телеарнасына берген сұхбатында. 

Барак Обамаға таққан айыбы мұнымен ғана шектелмейді. Жақында АҚШ қоғамын дүр сілкіндірген тәртіпсіздіктер мен наразылықтарға да Обама кінәлі көрінеді. Айтуынша, бұрынғы президенттің кезінде  полиция қызметіне дені дұрыс реформа жасалмаған. 

«Полиция саласына бұрын заң бұзған адамар алынбауы керек. Полиция президент емес халықтың алдында есеп беру керек. Оларға кәсіби біліктілігі ғана емес моральдық жағынан да жоғары талаптар қойылуы тиіс. Кезінде Барак Обама бұл салаға реформа жасауға талпынғанда мұндай жағдайлар болмас еді. Сол себепті бұл реформаны қазіргі президент ретінде мен жасауға мәжбүр болып отырмын», - деп атап өткен. 

Еске сала кетсек, жуырда президент Трамп АҚШ полициясын реформалау жөніндегі арнайы жарлыққа қол қойған болатын. Бекітілген жаңа құжатқа сәйкес, полиция департаменттеріне бөлінетін гранттардың мөлшері өзгереді. Сонымен бірге маман таңдау барысында да қатаң талаптар қойылуы тиіс делінген. 

Дональд Трамптың жарлыққа қол қою рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Оған полиция ардагерлері, елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полициямен қақтығысып, қаза тапқандардың туыстары да қатысты. Рәсімде Трамп ұзақ сөйлеп, арнайы баяндама жасады. Оның біраз бөлігі экс-президент Барак Обаманы қаралауға бағытталған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары