Сауд Арабиясы коронавирус пандемиясына байланысты қажылыққа шектеу қойды. Бұл туралы Араб әмірлігінің Қажы және умра ісі жөніндегі министрлігі хабарлаған.
Министрліктің хабарлауына қарағанда, биыл Араб түбегінде тұратын тұрғындардың белгілі бөлігі ғана қажылық парызын өтей алады.
Биылғы қажылық маусымы шілде айының соңында басталады. Жыл сайын қажылыққа 3 миллиондай адам барады. Оның 2 миллионға жуығы шетелден келгендер.
Естеріңізде болса,биыл ақпан айында Сауд Арабия билігі Мекке мен Мединаға кіруді уақытша жапқан болатын.