АҚШ-та Флойдтың өліміне қатысы бар экс-офицер кепілмен босатылды, деп хабарлайды Хабар 24.
Ту Тао кепілге 750 мың доллар төлеп абақтыдан шықты. Айта кетейік, күдікті Джордж Флойдтың өліміне қатысы бар деп танылған Миннеаполис полициясының бұрынғы төрт қызметкерлерінің бірі. Оның әріптесі Дерек Шовин 29 мамыр күні абайсызда кісі өлтіргені үшін, ал 3 маусымда тағы үш қызметкер Томас Лейн, Александр Куэнг және Ту Тао өлімге итермелегендері үшін айыпталған.
Тағы оқи отырыңыз: АҚШ-та қанды қақтығыстың өтіп жатқанына бүгін тура бір апта болды (ВИДЕО)
Бұған дейін Томас Лейн мен Александр Куэнг кепілмен босатылған болатын. Ал Дерек Шовин болса әлі де қамауда отыр.