$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус салдарынан биыл 50-ден астам елде аштық болуы мүмкін

Оксфам гуманитарлық тобы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына сілтеме жасай отырып, аштық дағдарысын бастан кешіретін адамдардың саны осы жылдың соңына дейін 270 миллионға жететінін мәлімдеді.
фото: jmj.com
фото: jmj.com

«Коронавирустың өршуі әлемдегі кейбір елдердегі аштық дағдарысын одан сайын күшейтті. Пандемияның әлеуметтік және экономикалық салдарына байланысты, аштықтан күн сайын 12 мың адам қайтыс болуы мүмкін», - деп мәлімдеді Оксфам гуманитарлық тобы. Бұл туралы qamshy.kz BBC-ге сілтеме жасап хабарлады.

Ұйымның есебінше, жаппай жұмыссыздық, азық-түлік өндірісінің тоқтауы және пандемия салдарынан көрсетілетін көмектің төмендеуі биыл шамамен 122 миллион адамды аштыққа әкелуі мүмкін.

Оксфам Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына сілтеме жасай отырып, аштық дағдарысын бастан кешіретін адамдардың саны осы жылдың соңына дейін 270 миллионға жететінін мәлімдеді.

Айта кетейік, мамыр БҰҰ «коронавирус көптеген елдерде ашаршылық туғызуы мүмкін» деп мәлімдеп, оған сыртқы қарызы көп, шикізат экспортына тәуелді және халықаралық инвесторлар кетіп жатқан «әлсіз елдер» кіретінін жариялады.

БҰҰ ақпаратынша, жалпы 50-ден астам «осал ел» тізімі бар. Олардың осал болуына үш түрлі себеп бар:

1. Шикізат бағасы. Көптеген «осал елдер» – шикізат экспортерлар. Сондықтан мұнай бағасының түсуі оларға айтарлықтай әсер етеді.

2. Инвесторлардың кетуі. Халықаралық инвесторлар дамушы елдерден ақшаларын алып кетіп жатыр. Бұл – әрине, болашақ инвестиция көлемін азайтады.

3. Сыртқы қарыз. Көптеген кедей елдер бай елдерге қарыз және берешек АҚШ долларымен немесе еуромен алынған. Егер олардың ұлттық валюталары құнсызданса, бұл қарыздарды өтеу немесе оларға қызмет көрсету әлдеқайда қымбатқа түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары