$ 449.3  489.69  4.89

«Әлем аруынан» коронавирус расталды (ВИДЕО)

Ондағы барлық тұрғын екі апта карантинге орналастырылыпты.

1994 жылғы "Әлем аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы, үндістандық фотомодель, актриса Айшвария Рай коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Euronews.

46 жастағы актрисаның отбасы мүшелерінен де COVID-19 анықталған. Вирус Айшварияның күйеуі актер Абхишек Баччаннан, 8 жастағы қызы Арадхьиден, актрисаның енесінен, Болливудтың супер жұлдызы Амитабх Баччаннан табылған.

Қазіргі таңда олар Мумбайдағы ауруханаға жатқызылған. Баччан отбасының резиденциясы жабық. Ондағы барлық тұрғын екі апта карантинге орналастырылыпты. Жанкүйерлер сүйікті актерлерінің вирус жұқтырғанына таңғалды.

Айта кетейік, Үндістан әлемдегі вирус жұқтырған елдердің арасында үшінші орында. Мұнда 850 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырды. Соңғы күндері коронавирустың таралуы рекордтық деңгейге жетті - бір күнде 29 мың адамнан инфекция анықталды. Вирустан қаза тапқандардың саны 23 мыңға жақындап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус