$ 447.4  477.55  4.76

Еуроодақ Ердоғанның тарихи мұраны мешітке айналдыру туралы жарлығына ашулы

Егер Анкара Грекияның егемендік құқығын бұзатын болса, санкция күшіне енеді деп ескертті.

Еуропалық одақтың сыртқы істер министрлері коронавирус пандемиясынан бері бірінші рет Брюссельде бас қосты. Күн тәртібінде Еуропалық Одақтың Түркиямен қарым-қатынасы қаралды, деп хабарлайды centralasian.org.

Грекия Түркияның Кипр жағалауы маңынан мұнай іздеу жұмысын бастағанына алаңдайды.

Еуропалық одақтың сыртқы саясат бойынша жоғарғы өкілі және Еурокомиссия төрағасының орынбасары Жозеп Боррель тамыз айында Түркияға қатысты санкция шараларын ұсынатынын мәлімдеді. Егер Анкара Грекияның егемендік құқығын бұзатын болса, санкция күшіне енеді деп ескертті.

Түркия болса Еуроодақтың Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі әскери операциясы Ливияның Триполидағы ұлттық келісім үкіметіне көмектесуге кедергі келтіріп жатыр деп мәлімдеген. Еуропалық одақ Ливияда соғыс күшейіп кетпеуі үшін қару жеткізуге тыйым салынуы керек деп есептейді.

Еуропалық одақ сонымен бірге Түркия президенті Режеп Ердоғанның Стамбұлдағы Айя София музейін мешітке айналдыру туралы жарлығын да сынмен қабылдады.

Euronews әлемдік мәдени орны бар тарихи мұраны мешітке айналдыру барлық Еуроодақтың ашуын туғызды деп хабарлады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары