$ 494.87  520.65  4.91

«Бізге халал өнімдер жетпей жатыр»: мұсылман әйел карантиннің кесірінен аш қалған

Біз дүкенге барып, жегіміз келген тамақты сатып ала алмаймыз.

Аустралияның Мельбурн қаласында енгізілген карантинге байланысты үйінде қалып қойған мұсылман әйел оған жеткізілген тамақты жей алмағанын айтады. Сөзінше, ол тамақтың халал, халал еместігін білмегендіктен нәр тартпауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz, Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлады.

"Ең бірінші күні бізге нан берілді. Мен мұсылман болғандықтан кез келген тамақты жей алмаймын. Мен оның халал екенін білмеймін ғой", - дейді ол. 

Ол осыған ұқсас сынды жайттарды айтып, танымал TikTok желісіне видеолар жүктеуде. 

Айта кетейік, Солтүстік Мельбурн мен Флемингтонда бірнеше көпқабатты үйлер қатаң карантинге жабылыпты. Үш мыңнан астам пәтер тұрғындары тұтас коронавирусқа тест тапсырмайынша олардың барлығы оқшаулану режимін бұзуға болмайды. Карантин 14 күнге жарияланыпты. Десек те мемлекеттің премьер-министрі Даниэль Эндрюс бес күннен кейін шектеу шараларын аяқтауды ойлаған. 

"Ақшам бар. Бірақ біз дүкенге барып, жегіміз келген тамақты сатып ала алмаймыз. Аустралияның мұсылмандарды қорғау орталығына қажетті азық-түлік жеткізілуде, алайда, бізге халал өнімдер жетпей жатыр. Мен сіздерге жағдайдың қиын екенін осылай жеткізгім келді", - дейді TikTok қолданушысы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары