19.07.2020, 23:15

COVID-19: Өзбекстандағы ҚХР елшілігі «самарқандтық пайғамбардың» айыптауына жауап берді

Кейбір ғылыми зерттеулер 2019 жылдың соңында Қытайда індет басталмай тұрып-ақ басқа жерлерде коронавирустың пайда болғандығын айтады.

Өзбекстандағы ҚХР елшілігінің өкілі «Самарқандтан шыққан пайғамбарға» Қытай коронавирустық инфекция туралы бірінші болып әлемге хабарлағанын, бірақ, бұл Қытай вирустың «отаны» екенін білдірмейтінін мәлімдеді. Өкілдің түсіндірмесі дипломатиялық агенттіктің Telegram каналында жарияланды деп хабарлайды adyrna.kz, fergana.agency-ге сілтеме жасап.

Хабарламада коронавирустың пайда болуы әлі нақты анықталмағандығы және кейбір ғылыми зерттеулер 2019 жылдың соңында Қытайда індет басталмай тұрып-ақ басқа жерлерде коронавирустың пайда болғандығын айтады.

Жақында Самарқандтың STV телеарнасы әлеуметтік желілерден видеоролик көрсетті. Онда қарт адам оны адамзатты коронавирустан құтқару үшін «Жаратушының» жібергенін хабарлайды. Бұл миссияны орындау үшін оған Қытайға бару керек, өйткені бұл аурудың отаны Қытай дейді.

«Пайғамбардың» есімі аталмайды. Алайда, Самарқанд облыстық Полиция басқармасының мәліметі бойынша ол 1962 жылы туған және Самарқандтағы махаллалардың бірінде тұрады.

«Пайғамбар» 1980-1982 жж. Ауғанстандағы әскери қақтығыстар кезінде соғыс қимылдарына қатысып, онда басынан қатты соққы алған. Самарқанд облыстық психоневрологиялық диспансерінің мамандары ер адамның психикалық денсаулығының жай-күйін тексеруге ниетті.