Иран президенті Хасан Роухани 18 шілде күні халыққа жасаған телеүндеуінде сұмдық ақпаратты жария етті.
«Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа зерттеуіне сүйенсек, елімізде вирусты жұқтырғандар саны 25 млн адамға жетіп, 14 мың адам көз жұмған», – деді президент.
Жаңа зерттеу вирустың жұғу алгоритмін қайта қарап, жұқтыруы мүмкін жандардың санын компьютермен есептеп шыққан.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ресми мәліметіне сенсек, елде вирус жұқтырғандар саны – 271 606, ал көз жұмғандар саны 13 979 адамды құрайды.