$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандарға тегін дәрі-дәрмек беріле бастады

«Гидроксихлороксин», «азитромицин», «парацетамол», «витамин С» сияқты препараттар және медициналық маскалар тегін берілмек.
фото: uzdaily.uz
фото: uzdaily.uz

Көршілес Өзбекстан Республикасында коронавирус инфекциясын жұқтырып, ем-домды үй жағдайында қабылдап жатқан азаматтар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп жатыр, деп хабарлайды bairaq.kz сайты.

«Мұндай шешім премьер-министр Абдулла Арипов төрағалық ететін коронавируспен күрес өніндегі арнайы республикалық комиссияның отырысында қабылданды», - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті. 

Сонымен қатар, отырыс барысында науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектердің де тізімі бекітіліпті. 

Бұлардың қатарында «гидроксихлороксин», «азитромицин», «парацетамол», «витамин С» сияқты препараттармен және медициналық маска секілді негізгі қажетіліктер бар. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары