21.07.2020, 09:20

Конго халқы күнкөріс үшін гориллаларды қырып жатыр

фото: pixabay.com
Жергілікті жұрт табысынан айырылып, кейін кейбіреулері заңсыз аң аулауға көшкен.

Конго Демократиялық Республикасында коронавирустың таралуы браконьерліктің белең алуына әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эпидемия басталғалы елдің Вирунга қорығында тау горилларын заңсыз аулау деректері көбейген. Оған ұлттық саябақтың карантинге жабылуы себеп. Өйткені соның салдарынан жергілікті жұрт табысынан айырылып, кейін кейбір тұрғын заңсыз аң аулауға көшкен. 

Айта кетейік, бүгінде әлемдегі тау гориллаларының жартысы осы Вирунгада мекендейді. Олар жойылып кетудің алдында тұрған жануарлар қатарында.

Тегтер: аң аулау Конго