$ 448.15  483.46  4.86

Түркіменстан билігі «елде коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас жоқ» деп отыр

Журналистердің мәліметі бойынша, науқастар COVID-19 бар-жоғын анықтайтын тесттен өтіп жатыр, олардың көбісі коронавирус жұқтырғаны анықталған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Түркіменстанда 21 шілдеден 1 тамызға дейін ірі сауда орталықтары, базарлар, театрлар, саябақтар, қызмет көрсету кәсіпорындары, спорт нысандары жабылды, деп хабарлайды Сentralasian.org.

Мейрамханалар, асханалар және басқа да ас әзірлеу нысандары тамақты үйге жеткізіп бере алады. Адам көп жиналатын орындарда екі метрлік қашықтық сақталуы тиіс. Түркіменстан билігі елде коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас жоқ деп отыр.

Ресми мәлімет бойынша, елде жұқпалы аурудың алдын алу үшін бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Бірнеше күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы республика билігіне елде коронавирус тіркелген жағдайда қолданатын шараларды қолға алуға кеңес берген. 14 шілдеден бастап республикада жолаушы пойыздары тоқтады, содан бір күн бұрын денсаулық сақтау саласының шенеуніктері азаматтарға көшеде медициналық маска тағуға кеңес берді.

Азатлык мәліметі бойынша, астанада және аймақтардағы ауруханалар толып қалды. Елдің барлық аймақтарында пневмониядан қайтыс болғандар көбейіп кетті. Журналистердің мәліметі бойынша, науқастар COVID-19 бар-жоғын анықтайтын тесттен өтіп жатыр, олардың көбісі коронавирус жұқтырғаны анықталған. Алайда билік бұл ауру елде тіркелген жоқ деумен келеді.

БҰҰ-ға мүше мемлекеттер арасында Түркіменстан мен КХДР ғана коронавирусты мойындамай отыр. Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде эпидемия басталғалы бері 14 миллион 700 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 610 мың адам қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары