$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ Қытайдан Хьюстондағы бас консулдығын жабуға 72 сағат уақыт берді (ВИДЕО)

АҚШ-тың мұндай қадамға баруына, «Қытай дипломаттары көп мөлшерде белгісіз құжаттарды өртеп жатыр» деген ақпарат себеп болған. Осы хабар бойынша, елшілік ғимаратына барған құқық қорғау орган қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді ішке кіргізбеген.

АҚШ Қытайдан Хьюстон қаласындағы бас консулдығын жабуды талап етті. Бұл ақпаратты ҚХР-ның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбин растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«21 шілдеде АҚШ Қытайдан Хьюстондағы бас консулдықтағы барлық жұмыс пен іс-шараларды тоқтатуды талап етті», - деп атап өткен ҚХР сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі.

Қытай АҚШ-тан бас консулдықты жабу туралы шешімді дереу қайтарып алуға шақырған. Қытай тарапының мәліметінше, бұл Американың бір жақты қабылдаған асығыс шешімі.

«Бұл АҚШ бір жақты тәртіппен қабылдаған саяси арандатушылық, ол халықаралық құқықты, халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын және Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты консулдық келісімді айтарлықтай бұзады. Қытай ҚХР мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты доғаратын бұл өрескел және негізсіз қадамды қатаң айыптайды», - деді Қытай өкілі.

Ресми өкіл өз мәлімдемесінде АҚШ-тың Қытайға бұрыннан қырғиқабақ танытатынын мәлімдеген Өйткені бұл уақытқа дейін дейін бас консулдыққа бомба қойылғанын айтып, қоқан-лоққы жасалған көрінеді. «Вашингтон бұл шешімінен бас тартпаса, біз де қарап қалмаймыз. Яғни, жауап ретінде Құрама Штаттардың Уханьдағы консулдығын жабуды қарастырамыз», - деп атап өткен Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ван Вэньбин. 

Кейбір дерек көздерінің жазуынша, АҚШ-тың мұндай қадамға баруына, Қытай дипломаттары «көп мөлшерде белгісіз құжаттарды өртеп жатыр» деген ақпарат себеп болған. Осы хабар бойынша, елшілік ғимаратына барған құқық қорғау орган қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді ішке кіргізбеген. 

Осыдан кейін АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Морган Ортагус Вашингтон америкалықтардың зияткерлік меншігі мен жеке ақпараттарын қорғауды қамтамасыз ету үшін Хьюстондағы бас консулдықты жабуды тапсырған.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ коронавирусқа қарсы жасалып жатқан вакцина туралы деректердің жоғалып кетуіне Қытайдың екі азаматын кінәлаған болатын.

Батыс басылымдары Қытай дипломаттарының жаппай құжат өртеп жатқанын дәлелдейтін бейнежазбалар жариялап жатыр. Қытай консулдығы сонымен қатар, аса көп мөлшердегі АҚШ долларын өртеген көрінеді. Өртелген доллар шын ақша ма, әлде жоқ жалған ақша ма ол жағы әлі белгісіз. 

«Консулдық өкілдері ұзақ жылдар бойы ұрлаған құпия құжаттар мен дискілерді жан таласып өртеп жатыр. Өpттың жалындағаны сонша, көрші тұратын тұрғындар өрт сөндірушілерді шақырған. Бірақ Қытай консудығы оларды ішке кіргізбеген. Бұл 1941-жылғы АҚШ-Жапон арасы қатты шиленіскенде, Жапон елшілігінде болған көрністі еске түсіреді», - деп жазған АҚШ басылымдарының бірі.  

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары