$ 494.87  520.65  4.91

30 шілдеде Байқоңырдан тағы да «Протон-М» зымыраны ұшырылмақ

Кеше зымыранды технологиялық жанармай құю алаңынан старттық кешенге тасымалдау және оны орнату жұмыстары басталды.

«Бриз-М» үдеткіш блогы мен «Экспресс-103» және «Экспресс-80» ресейлік телекоммуникациялық ғарыш аппараттары бар «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыруға дайындық аяқталуға жақын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Роскосмос» баспасөз қызметінің мәліметіне сүйене отырып.

Бұл ретте, мемлекеттік комиссия ғарыштық мақсаттағы зымыранның, мамандардың, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің ұшыруға дайындығын қарап, ғарыш айлағының №200 старт кешеніне ғарыштық мақсаттағы зымыранды шығару туралы шешім қабылдады.

Кеше зымыранды технологиялық жанармай құю алаңынан старттық кешенге тасымалдау және оны орнату жұмыстары басталды.

«Бриз-М» үдеткіш блогы мен ресейлік телекоммуникациялық ғарыш аппараттары бар «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыру 2020 жылдың 30 шілдесіне, Нұр-Сұлтан уақытымен 03:27:42-ге жоспарланған.

«Экспресс-80» және «Экспресс-103» – «Экспресс-1000Н» спутниктік платформа базасында академик Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйелер» компаниясында дайындалған орта санаттағы ресейлік телекоммуникациялық ғарыш аппараттары.

Спутниктер белгіленген және жылжымалы байланыс қызметтерін, цифрлық телерадио хабар таратуды, «Интернет» ақпараттық-телекоммуникация желісіне жоғары жылдамдықты, Ресей аумағында және ТМД елдерінде C-, Ku- және L- диапазондарда мәлімет беруді қамтамасыз етуге арналған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары