$ 487.37  532.94  5.09

ДДСҰ коронавирусқа байланысты әлемдік төтенше жағдай мерзімін 3 айға ұзартты

Ұйым басшысы коронавирус пандемиясының салдары жүзжылдықтарға созылатын дағдарысқа алып келуі мүмкін екенін айтты.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық Төтенше жағдай режимін 3 айға ұзартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Халықаралық ұйымның бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус комитет ұсынған үш айлық Төтенше жағдай режиміне келісім білдірді. Ол коронавирус пандемиясының салдары жүзжылдықтарға созылатын дағдарысқа алып келуі мүмкін екенін айтты.

Ұйым басшысының айтуынша, қазіргі уақытқа дейін бірқатар мәселелер шешілсе, әлі біршама сұрақтарға жауап табылмаған.

Тағы оқи отырыңыз: ДДСҰ коронавирустың аяқталу мерзімін болжады

Комитет ДДСҰ-ға әлі де біршама уақыт бойы жағдайды бақылап, ахуалы ушыққан елдерге көмек көрсету туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, халықаралық ұйым коронавирустың шығу тегін анықтау туралы ғылымға көңіл бөлу мәселесіне назар аудармақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары