$ 448.15  483.46  4.86

Бейруттағы жойқын жарылыс: 80-ге жуық адам қаза тапты (ВИДЕО)

Ливан билігі қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады.

Бейрут портында жойқын жарылыс болып, 78 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

4 тамызда Бейрут портындағы жойқын жарылыс болды. Қала губернаторының айтуынша, қаладағы ғимараттардың жартысы қираған, ауруханалар зардап шеккендерге толы.

"Қаза тапқан адамдардың саны 78-ге жетті. 4 мыңнан аса адам жараланған", - дейді Ливанның денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Ливан билігі қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Себебі, көптеген адам іс-түссіз жоғалғандардың қатарында. Құтқарушылар үйінділер астынан адамдардың мәйітін шығарып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары