$ 494.87  520.65  4.91

Бейруттағы жойқын жарылысқа Ресей азаматы кінәлі ме?

Ливан билігі кемені тексеріп, оның порттан шығуына тыйым салған.
фото: kazakh-tv.kz/kz
фото: kazakh-tv.kz/kz

Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болып, жүзден астам адам қаза тауып, төрт мыңнан астам азамат жарақат алды. Алдын ала ақпараттар бойынша, жарылысқа Ресей азаматы тікелей кінәлі, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Бейрут портында болған 2750 тонна аммиак селитрасы жойқын жарылысқа себепкер болған. Селитраны Ливан билігі 2014 жылы Ресей азаматына тиесілі «Rhosus» кемесінен тәркілеген.

Порт басшысының сөзінше, селитра мен өзге де тәркіленген заттар сақталған қоймаға ешкімнің кіруге рұқсаты болмаған. Арнайы комиссия жақында қоймаға кіретін қабырғада тесік барын аңғарған. Сондықтан ол тесікті дәнекерлеуші топ жауып тастауға келіп, жұмыс істеу барысында пайда болған ұшқыннан жарылыс болған. Ұшқын қоймада болған тез жанғыш заттарға тиіп, артынша селитраға жеткен.

Тағы оқи отырыңыз: Ливан билігі Бейруттағы жойқын жарылыстың неден болғанын айтты

«Бейруттағы қасірет террорлықтан гөрі лауазым иелерінің салдыр-салақтығына көбірек ұқсайды» - саясаттанушы

«Rhosus» кемесі Хабаровск тумасы Игорь Гречушкинға тиесілі болған. 2013 жылы Грузияның Батуми қаласынан Мозамбикке 2750 тонна селитра апара жатқан кемеде ақау болып, ол Бейрут қаласына тоқтауға тура келген. Ливан билігі кемені тексеріп, оның порттан шығуына тыйым салған. Ал кемедегі селитраны портқа жақын орналасқан қоймаға апарған.

Кеме қожайыны Игорь Гречушкин жайлы теңізшілер жағымсыз пікірлер білдірді. Олардың айтуы бойынша, кеме қожайыны Игорь Гречушкин теңізшілердің жалақысын уақытылы бермей, кемеге мүлде жөндеу жүргізбеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары