$ 494.87  520.65  4.91

«Бейруттағы қасірет террорлықтан гөрі лауазым иелерінің салдыр-салақтығына көбірек ұқсайды» - саясаттанушы

Суннит, шиит, друз, христиан, маронит, т.б. болып жікке бөлінген қоғамның іштей алауыздығы да толастамай отыр.
фото: abai.kz
фото: abai.kz

Саясаттанушы Расул Жұмалы кеше Бейрутта болған жарылысты Арыстағы жағдайға ұқсатып отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, саясаттауншының facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Бейруттегі кешегі жойқын жарылыс жайында түрлі жорамалдар айтылуда. Расында да соңғы 40 жылда кезінде "Таяу Шығыстың Парижі" саналған Ливан астанасы сыртқы күштердің тепкінінен көз ашпай келеді. АҚШ флотының бомбылауы, Израильдің басқыншылығы, Сирияның тізе батыруы, Иранның Хезболла мен Әмәл сияқты ұйымдары арқылы арандатуы, палестиналық босқындардың шектен шыққаны - не көрмеді бұл ел? Суннит, шиит, друз, христиан, маронит, т.б. болып жікке бөлінген қоғамның іштей алауыздығы да толастамай отыр.

 Тағы оқи отырыңыз: Ливан билігі Бейруттағы жойқын жарылыстың неден болғанын айтты

«Бейруттағы жарылыста Қазақстанның консулы жарақат алды» - СІМ

Алайда, соңғы қасірет террорлық әрекеттен гөрі жемқорлық пен лауазым иелерінің салдыр-салақтығына, жауапсыздығына көбірек ұқсайды. Өткен жылғы біздегі Арыс оқиғалары еріксіз еске түседі. 

Жарылыс бойынша тергеу нәтижесін әлі ести жатармыз. Десе де кей кездері қауіп-қатердің сырттан ғана емес іштен де болатынын ұмытпай, оның алдын алу шараларын дер кезінде қабылдау керек", - деп сөзін түйіндеді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бейруттағы жойқын жарылыстың салдарынан 80-ге жуық адам қаза тапқанын хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары