07.08.2020, 09:20

Бейрут тұрғындары ел билігіне талап қойды

Ресми дерек бойынша апатқа 3 мыңға тоннаға жуық аммиак сели-трасының жарылуы себеп болған.

Жиналған жұрт кемежайдағы апатқа айыптылардың бәрін жазаға тартуды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Айта кетейік, тамыздың 4-і күні Бейрут кемежайында жойқын жарылыс болды. Ресми дерек бойынша апатқа 3 мыңға тоннаға жуық аммиак сели-трасының жарылуы себеп болған. Салдарынан 5 мың адам зардап шегіп, 150-і қаза тапты. Көптеген ғимарат пен тұрғын үйлер қирады. 

Ел билігінің есебінше, жарылыстан 15 миллиард доллар шығын келген. Қазір шаһарда төтенше жағдай жарияланған. Тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілуде.