$ 443.85  474.3  4.8

Google Қытай саясатын насихаттайтын 2500-ден астам YouTube арнасын жауып тастады

Ал Бейжің тарапы жалған ақпарат тарату туралы айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Google Қытаймен байланысы бар 2500-ден астам YouTube арнасын өшіргенін мәлімдеді. Бұл платформадағы жалған ақпаратты тазарту үшін жасалған.

Мамандар бұл каналдардың осы жылдың сәуірінен маусымына дейінгі аралықта жабылғанын және Қытаймен байланысты ықпал ету әрекеттерін үнемі бақылап отырғанын айтты. Мұны Google ақпараттық-коммуникациялық операциялар туралы тоқсан сайынғы мәлімдемесінде жариялады. Осы каналдар саясатқа қатыссыз материалдар жария еткендей көрінеді, алайда, саясатқа терең әсер етеді деп қарайды.

Алайда, Google аталған каналдардың атын жарияламады және басқа мәліметтерді де ұсынбады. Бұл шектелген бейнелер мен Twitter-де шектелген жазбалар сәуір айында Graphika әлеуметтік медиа-аналитикалық компаниясымен жүргізілген дезинформация әрекеттермен байланыстырды.

Ал Бейжің тарапы жалған ақпарат тарату туралы айыптауларды жоққа шығарып отыр. Шет елдерден жарияланған жалған ақпараттың АҚШ-тың саяси және технологиялық орталарында әсері үлкен. АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауы кезінде Ресей үкіметінің хаккерлері әлеуметтік желілерге көптеген жалған ақпарат енгізген болатын.

Көптеген адамдар биылғы сайлауға да алаңдаулы. Сол себепті, Google мен Facebook осындай жағдайларды болдырмауға тырысады. Сонымен бірге, АҚШ пен Қытай арасындағы технология мен әлеуметтік шиеленіс әлі де күшейе түсуде.

5 тамызда АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео өздеріне Қытай үкіметінің ықпалын күшейтпес үшін билік «Таза әлеуметтік желі» бастамасын кеңейтетінін мәлімдеді. Google-дың мәлімдемесінде Иран мен Ресей елдеріне бағытталған шаралар да сөз болды.

Дереккөз: The Qazaq Times

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары