$ 444.22  476.38  4.82

Трамп тыйым салғалы отырған TikTok арқылы америкалықтар миллионер атануда

19 жастағы Эдисон Рэй Эстерлинг тізімде бірінші орынды иеленді, оның жылдық табысы – 5 миллион доллар.

Forbes алғаш рет ең көп пайда тапқан TikTok жұлдыздарының тізімін жариялады. Бұл тізімге жылына 1 миллион доллардан астам пайда тапқан және тек TikTok арқылы танымал болған жеті қолданушы кіреді,
деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Newsroom+ сайтына сілтеме жасап.

19 жастағы Эдисон Рэй Эстерлинг тізімде бірінші орынды иеленді, оның жылдық табысы – 5 миллион доллар. Желтоқсан айында ол бүкіл уақытын TikTok-қа арнау үшін Луизиана университетінен шығып кетеді. Қазір оның 54,1 миллион жазылушысы бар және өзінің жеке косметикалық бренді – Элемент Beauty.

Эстерлинг Reebok компаниясы мен сағат өндіруші Дэниэл Веллингтонмен келісім жасады. Сонымен қатар, ол – американдық Eagle киім брендінің өкілі.

Екінші және үшінші орындарды 16 жастағы Чарли мен Дикси Д’Амелио алды. Олардың табыс көзі – 4 миллион доллар. Әпкелі-сіңлілер бірге видео түсіріп, бірлескен келісімшарттарға қол қояды.

Дикси сонымен бірге өзін музыкалық бағытта дамытып жүр. Оның бірінші «Be Happy» атты әуені маусым айында жарыққа шықты. YouTube трендтерінде бірінші орынға ие болды. Дәл сол күні Kanye West және Травис Скоттың бейнебаяндары да шыққан болатын.

Рейтинг:
Аддисон Рэй Эстерлинг – 5 миллион доллар.
Чарли Д’Амелио – 4 миллион доллар.
Dixie D’Amelio – 2,9 миллион доллар.
Лорен Грей – 2,6 миллион доллар.
Джош Ричардс – 1,5 миллион доллар.
Майкл Ле – 1,2 миллион доллар.
Спенсер X – 1,2 миллион доллар.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі қытайлық TikTok әлеуметтік желісінің жұмысына тыйым салуға ниетті екенін мәлімдеген болатын. «Біз ТикТок -ты Америка Құрама Штаттарында түсіруге тыйым саламыз», – деді ол журналистерге Флоридадан Вашингтонға бара жатқан ұшақта.

Трамптың сөздерін Ақ үйдің баспасөз қызметі растады. Хабарламада айтылғандай, оған тыйым салу үшін АҚШ президенті тиісті бұйрыққа қол қоюға немесе төтенше экономикалық күштерді пайдалануға болатындығын түсіндірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары