11.08.2020, 14:40

Беларусь президенттігіне үміткер елден кетіп қалды

Фото: REUTERS
Светлана Тихановская қауіпсіз жерде.

Бүгінде Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская Литвада. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Светлана Тихановская қауіпсіз жерде. Ол Литвада", - деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.