12.08.2020, 11:00

Мамандар Ливанның жарылыс салдарынан қанша шығынға батқанын анықтады

фото: inform.kz
Бұл онсыз да қаржы қыспағында қалған Ливанға ауыр соққы болды.

Ливанда да халық ереуілі басылар емес, хабарлайды «Хабар 24».

 Естеріңізге салайық, ел астанасы Бейруттегі кемежайда болған жойқын жарылыстан кейін шаһардың басым бөлігі зақымдалған. Көптеген тарихи ғимараттарды қайта қалпына келтіру мүмкін емес. 

Мамандар оқиғадан келген шығын көлемін шамамен 15 млрд долларға бағалап отыр. Бұл онсыз да қаржы қыспағында қалған Ливанға ауыр соққы болды.