Литва президенті Гитанас Науседа «Александр Лукашенко Белорусьтің заңды президенті емес» деп мәлімдеді 14 тамызда sky.com берген сұхбатында, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы arasha.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біз Лукашенконы легитимді деп айта алмаймыз. Өйткені Белорустьте әділ демократиялық сайлау болған жоқ», - деп атап өткен Гитанас Науседа.
Оның айтуынша, Лукашенко билігі барлық саяси тұтқындарды босатып, оппозициямен диалогқа отыру керек.
«Ең әуелі Белорусь билігі жағдайды қалпына келтіретін басқа жол жоқ екенін түсінуі керек», - депті Литва президенті.
Сондай-ақ ол Белорустьтегі жағдайға бей-жай қарап отыра алмайтындарын, өйткені ол елдегі жағдайға Ресейдің араласуынан қауіптенетінін де айтқан.
Ал Александр Лукашенко болса, құрылыс саласы бойынша жиналыс өткізіп, сол отырыста: «Ең әуелі мен тірімін, біздегі кейбір сыйлы адамдар айтып жатқандай елден кетіп, шетел асқан жоқпын», - деді.
Белорусьте президент сайлауы қортындыларынан кейінгі қарсылық әлі жалғасып жатыр. Бейбіт қарсылық акциясына шыққан халықты күштік құрылымдар аяусыз таяққа жығып, 7 мыңдай адамды ұстағаны мәлім.