$ 447.4  477.55  4.76

«Бейруттегі мұқтаж жандарға 565 миллион доллар бөлінуі керек» - БҰҰ

«Біз мұндай шараны бұған дейін әлемнің өзге де елдерінде қолдандық», - дейді БҰҰ-ның гуманитарлық үйлестірушісі Наджат Рочди.
фото: rbc.ru
фото: rbc.ru

БҰҰ халықаралық қауымдастықтан жойқын жарылыс болған Ливанға қолдау көрсету үшін 565 миллион доллар сұрады. Бұл туралы ұйымның гуманитарлық үйлестірушісі Наджат Рочди мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy, РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Көмек мұқтаж жандарға бөлінуі тиіс. Осы үшін арнайы механизм жасалды. Жоба жергілікті және халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жүзеге асырылмақ. Біз мұндай шараны бұған дейін әлемнің өзге де елдерінде қолдандық», - деді БҰҰ-ның гуманитарлық үйлестірушісі Наджат Рочди.

Еске сала кетсек, 4 тамызда Бейрут портында жарылыс болып, 170-тен астам адам қаза тапты, 6 мың тұрғын жарақат алды және 300 мыңнан астам адам баспанасыз қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары