18.08.2020, 18:20

«Біз Қытайға сенуді тоқтатамыз»: Трамп америкалық компания зауыттарын Қытайдан шығарып алуға белсене кірісті

Фото: getty
АҚШ президенті бұған дейін қытайлық TikTok, WeChat және Huawei технологиялық компанияларына қатысты шектеулерді жариялаған.

BBC ақпаратына сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық компаниялардың зауыттарын Қытайдан шығуға итермелеу үшін оларға жақсы саясаттар ұсынатынын мәлімдеген.

Ол Қытайдан көшіп шыққан фирмаларға салықтық және қаржылық қолдау көрсететінін жариялаған.

Трамп сонымен бірге Қытайда жұмысын жалғастыратын компаниялардан "үкіметтік келісімшарттарды алып тастаймын" деп ескерту жасаған.

Оған қоса, дүйсенбіде сөйлеген сөзінде "біз Қытайға сенуді тоқтатамыз" деген Трамп 10 айда 10 миллион жұмыс орнын құруға уәде берген.

АҚШ президенті бұған дейін қытайлық TikTok, WeChat және Huawei технологиялық компанияларына қатысты шектеулерді жариялаған.

Дереккөз: Qamshy.kz