Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бисли коронавирустық пандемия ашаршылықпен байланысты деп отыр. Бұл туралы Bairaq.kz хабарлады.
Мұның алдын алу үшін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына шамамен 5 миллиард доллар қажет.
"Бізде бар мәліметтер бойынша, тамаққа мұқтаж адамдар санының 80 пайызға артуы - бұл нағыз апаттың белгісі", - деді агенттікке.
Бағдарлама болжамына сәйкес, осы жылдың аяғына дейін тамаққа мұқтаж адамдар саны 80% -ға өседі. Сонымен," пандемиядан бұрын 140 миллион адам тамаққа мұқтаж болса, ал жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 270 миллионға жетуі мүмкін", - деді Бисли.
Қаражат келесі алты ай көлемінде қажет.