$ 447.4  477.55  4.76

Қазір Минскіде сайлау нәтижесі мен полицияның озбырлығына қарсы митинг өтіп жатыр

Митингіде оппозициялық Үйлестіру кеңесінің жетекшілері сөз сөйлеуі тиіс. Ал ол Кеңес президентке үміткер Светлана Тихановскаяның бастамасымен құрылған.

Жексенбі, 23 тамыздың кешінде Минскіде «Жаңа Беларусь маршы» өтіп жатыр. Президент сайлауының нәтижесіне және полицияның озбырлығына қарсы бағытталған мұндай акциялар елдің өзге қалаларында да өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Митингіде оппозициялық Үйлестіру кеңесінің жетекшілері сөз сөйлеуі тиіс. Ал ол Кеңес президентке үміткер Светлана Тихановскаяның бастамасымен құрылған.

Азаттық радиосы Беларусь қызметінің хабарлауынша, акция өтетін жерге Минск кәсіпорындарының жұмысшылары лек-легімен бара жатыр.

Сондай-ақ, бүгін Литвада Беларусьтегі наразыларды қолдайтын «Еркіндік жолы» акциясы өтуде. 50 мыңға жуық адам Вильньюстың орталығынан Беларусь шекарасына дейін шеп құрмақ. Литва астанасының орталығынан Беларуське дейінгі қашықтық – 32 шақырым.

Литвалықтар осы арқылы 1989 жылы 23 тамыздағы «Балтық жолы» деп аталған бейбіт акцияны атап өтпек. Ол кезде миллионнан аса адам Вильньюстан Таллинге дейін тірі шеп құрған. Олар Совет одағынан Балтық елдерінің тәуелсіздігін талап еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары