Украинаның бұрынғы премьер-министрі және «Батькивщина» парламенттік фракциясының көшбасшысы Юлия Тимошенкода коронавирус расталды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Марина Сорока мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін украиналық БАҚ Тимошенконың коронавирус індетін жұқтырғаны туралы жазған болатын. Алайда, ақпаратты ешкім растамаған еді.
«Иә, өкінішке қарай, бұл рас. Тест оң нәтиже көрсетті. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39 градусқа дейін жетіп отыр. Күресіп жатыр», - деп жазды Сорока өзінің Facebook-тегі парақшасында.