АҚШ-тың Луизиана штатында полиция қызметкерлері ұстау кезінде қара нәсілді жігітті атып өлтірген. Құқық қорғаушылар бұл оқиғаны полицияның зорлық-зомбылығының тағы бір мысалы деп санайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новостиге сілтеме жасап.
Луизиана штатының Лафайет қаласында болған бұл атысты куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Дереккөз мәліметінше, ұсталған кезде ол қашып кетуге тырысқан. Содан кейін полиция қызметкерлері электршокерлерді қолданған, бірақ, бұл шаралар еш нәтиже көрсетпеген. Сол сәтте полиция оған оқ жаудыра бастаған. Осылайша, 31 жастағы Трейфорд Пеллериннің сол жерде қаза тапқаны айтылады.
Қазір АҚШ полицейлері тергеу шараларын жүргізіп жатыр.