$ 494.87  520.65  4.91

Ким Чен Ын халық алдына шықты

Осы аптада әлемдік БАҚ өкілдері оның «есін білмей жатыр» деген хабарды жарыса жазған болатын
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Ким Чен Ын екі аптадан бері алғаш рет халық алдына шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

 Елдің бұқаралық ақпарат құралдары оның Еңбек партиясы мүшелерімен ұйымдастырған отырысының бейнежазбасын ұсынған. Басқосуда Ким Чен Ын аймақтағы коронавирус індетіне қатысты бірқатар мәселелерді пысықтаған. 

Ақпарат көздері Солтүстік Корея көшбасшысының денсаулығы жақсы екенін хабарлайды.

Осы аптада әлемдік БАҚ өкілдері оның «есін білмей жатыр» деген хабарды жарыса жазған болатын. Бұл мәліметті Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентінің көмекшісі де растаған. 

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Ким Чен Ын өз өкілетінің бір бөлігін көмекшісі әрі қарындасы Ким Ё Чжонға тапсырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ким Чен Ын