$ 494.87  520.65  4.91

Оңтүстіккореялық дипломат «Ким Чен Ын комада жатыр» деп болжады

Дипломаттың Оңтүстік Кореяның марқұм президенті Ким Дэ Чжунның көмекшісі болып жұмыс істегені айтылады.

Оңтүстіккореялық дипломат Чанг Сон Мин Ким Чен Ын комада екенін және оның орнына әпкесі келетінін айтты, - деп жазады Daily Mail.

Дипломаттың Оңтүстік Кореяның марқұм президенті Ким Дэ Чжунның көмекшісі болып жұмыс істегені айтылады. Ол КХДР билігі көшбасшысының денсаулығының нашарлауы туралы шындықты жасырады дейді.

"Менің ойымша, ол комада жатыр, бірақ қайтыс болған жоқ", - деді Чанг Сон Мин. 

Еске салайық, осыған дейін БАҚ-тарда Ким Чен Ынның халық алдына шықпай, көрінбей кеткені бірнеше рет жазылған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ким Чен Ын