$ 449.3  489.69  4.89

Путин Беларусь билігіне көмектесу үшін күштік құрылымнан резерв құрғанын хабарлады

Біз оны жағдай бақылаудан шыққан жағдайда ғана қолданамыз деп келістік.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Ресей президенті Владимир Путин Беларуське "қажет кезде көмектесу үшін" күштік құрылым өкілдерінен резерв жасақтағанын хабарлады, деп хабарлайды Азаттық радиосы

Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады. Путин әзірге Беларусьте ресей күштерін қолдануға қажеттілік туындаған жоқ деді. Минск де мұнымен келіседі деді ол.

Оның айтуынша, Беларусьте экстремистік элементтер "шектен шығып, қарақшылыққа бармаса" Ресей күштері қолданылмайды. "Беларусьте барлық мәселелер бейбіт жолмен шешілуі тиіс" деді Путин.

"Беларусь алдында міндеттемелеріміз бар. Лукашенко да осы мәселені қозғады: ол керек кезде қажетті көмек көрсеткенімізді қалайды. Мен Ресей барлық міндеттемелерді орындайды деп айттым. Александр Григорьевич құқық қорғау орган қызметкерлерінен құралған белгілі бір резерв жасақтауды сұрады, мен өтінішін орындадым. Біз оны жағдай бақылаудан шыққан жағдайда ғана қолданамыз деп келістік. Саяси ұрандарды желеу еткен экстремистік элементтер шектен шығып, қарақшылық жасаса, көліктер мен үйлер, банктерді өртеп, әкімшілік ғимараттарды бүлдірсе ғана [резерв көмегіне жүгінеміз]" деді Путин.

17 тамызда Ресейдегі Е95 және M1 трассасында қандай да бір айқындағыш белгілері жоқ нөмірленбеген Росгвардия машиналарына ұқсайтын ондаған "Урал" мен КамАЗ көлігі Беларусьпен шекараға қарай жылжыған. Бұл туралы бірнеше ақпарат құралдарындағы суреттер мен видеоларды сараптаған Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу тобы жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары