$ 498.34  519.72  4.85

Эстония Үкіметі Александр Лукашенконың жеңісін ресми түрде жоққа шығарды

Санкциялар енгізілетін нақты адамдардың тізімін Сыртқы істер министрі бекітеді.
фото: 42.tut.by
фото: 42.tut.by

Эстония Үкіметі Белоруссиядағы Президент сайлауын бұрмалауға және осыған байланысты зорлық-зомбылыққа жауапты болуы мүмкін адамдардың елге кіруіне тыйым салу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады елдің Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі. Санкциялар енгізілетін нақты адамдардың тізімін Сыртқы істер министрі бекітеді, деп жазады Azattyq Rýhy сайты.

«Эстония енгізген фокустық санкциялардың мақсаты – сайлау нәтижелерін бұрмалауды және бейбіт демонстранттарға қарсы зорлық–зомбылықты жоққа шығару және оған жауапты адамдардың Эстонияға кіре алмауын қамтамасыз ету",- деді Эстония Премьер-Министрі Юри Ратас.

Эстония 9 тамызда өткен Беларусь Президенті сайлауының нәтижелерін мойындамады. Ресми мәліметтер бойынша, 1994 жылдан бері осы лауазымға ие болған Александр Лукашенко жеңіске жетті. Эстония Үкіметінің хабарламасында «Санкциялар Латвия және Литвамен үйлестірілген түрде енгізіледі» делінген. 

Айта кетерлігі, Еуропалық Одақ санкциялар енгізуге дайындалуда.

19 тамызда ЕО Белоруссияның кейбір шенеуніктеріне «зорлық-зомбылық, репрессия және сайлауды бұрмалағаны үшін» санкциялар енгізу ниеті туралы белгілі болды. Сонымен бірге, ЕО Кеңесі Лукашенкоға қарсы санкциялар енгізу мәселесін зерттеуді көздеп отыр.

9 тамыздан бастап Белоруссияда наразылық акциялары мен жұмысшылардың ереуілдері өтті. ОСК мәліметі бойынша, өткен сайлауда оппозиция өкілі Светлана Тихановская соңғы оқиғалар кезінде алты азамат қаза тапқанын және ондаған адам хабар-ошарсыз кеткенін мәлімдеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары