$ 448.89  477.93  4.76

Аукционда 5 айлық тоқты 200 миллион теңгеге сатылды

Екінші орында – «Гексель Джанго».
фото: youtube.com
фото: youtube.com

Шотландияда өткен аукционда қойдың тексель тұқымына жататын бір марқаны рекордтық бағаға сатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан, Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Бейсенбі күні Ланарк елді мекенінде тексель тұқымдас қойларды жаппай сату шарасы өткен болатын. Сол жерде Double Diamond («Қос гауһар») атты алты айлық марқа да шығарылған. Аукционда барлығы 19 марқа сатылды.
Жалпы, Ұлыбританияда осы санаттағы қойлардың орташа бағасы – 100 фунт (55 390 теңге). Алайда, мал өсіру үшін қолданылатын тексельдер қымбат тұрады.

Кешегі аукционда «Қос гауһардың» бастапқы бағасы 10 500 фунт (5,8 миллион теңге) болған. Алайда, қызу сауда-саттықтың нәтижесінде, оның бағасы бірден 300 мың фунттан асып түсті. Сөйтіп, ең соңында 365 мың фунтқа (202 миллион теңге) сатылды. Екінші орында – «Гексель Джанго». Оның соңғы бағасы – 68 мың фунт (37,6 миллион теңге).

Айта кеткен жөн, 2009 жылы тексель тұқымдас сегіз айлық тоқты 231 мың фунтқа (128 миллион теңге) сатылған болатын. Ал 5 жылдан кейін тағы бір қой 152 мың фунтқа (84,5 миллион теңге) өтіп кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары